Қандай үй алған дұрыс

Жаңа ма, ескі ме? Қандай үй алған дұрыс?

Ипотекамен пәтер алатын кезде ылғи бір сұрақ мазалайды: жаңа үй алған дұрыс па, әлде қолданыста болған пәтер жайлы ма? Әсіресе бұл жас отбасылардың басын қатыратын сұрақ. Жаңа үйде тұру әрине беделді көрінер. Бірақ қолданыста болған үйде бар жағдай жасалған және өмір сүруге өте ыңғайлы. Бұл жағдайда не істеу керек? Бүгін біз таңдауы қиын тақырып туралы әңгіме қозғаймыз және осы мақаланы оқып шығып, сіз де көп нәрседен хабардар боласыз деген үміттеміз.

Жаңаның аты жаңа

Әдетте, арамызда жүрген таныстарымыздың көбісі жаңа салынған үйді сыртқы әрлеудегі қасбеттердің стильді және заманауи көрінісі мен пәтерлердің үлкен аумағы үшін таңдайды. Мұндайда қазақ «жаңаның аты жаңа» дейді. Келіспеу мүмкін емес, жаңа үй ескі үйге қарағанда сырт көзге тартымды. Сонымен қатар, бастапқы нарықта пәтер сатып алғанда, сіз ішкі инженерлік коммуникацияларды жаңартуға қаражат жұмсамайсыз, ал ескі пәтерде біраз жөндеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Баға артықшылықтарын да ескерейік. Мысалы, екі қаланы — Алматы мен Көкшетауды алып, жаңа үйлердегі екі бөлмелі пәтердің орташа құнын салыстырайық. Оған қажетті ақпаратты homsters.kz сайтынан алдық.

Алматыдағы жаңа пәтердің орташа құны — 16 миллион теңге, Көкшетау қаласында — 10 миллион теңге. Қатты қымбат дей алмаймыз. Бірақ бұл эконом класс. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға алсақ, ай сайынғы төлем аз шығады.  Тек мұндай тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келетінін ұмытпаңыз. Бұл қып-қызыл шығын. Сонымен бірге жиһазға да біршама ақша керек екенін ескеріңіз.

Ескі болса да, ыңғайлы

Енді қолданыста болған баспананы талқыласақ. Оның қандай артықшылықтары бар? Ең бастысы, су, жарық, газ, жылыту жүйелері тозбаған ба? Егер ішкі коммуникациялар жөндеуді қажет ететін болса, онда шығындалуға тура келеді. Homsters.kz сайтындағы деректерді қолдана отырып, қолданыста болған пәтерлердің бағасы Алматыда орташа есеппен 11 миллион теңгені, ал Көшкетауда 7 миллион теңгені құрайтынын байқаймыз.

Демек, қолданыста болған пәтерлер арзанырақ. Жағдайы жақсы болса, тіпті жөндеу жұмыстарына да шығындалмайсыз. Бірақ, пәтерді ипотекаға алғыңыз келсе, онда оның жасы 50 жылдан аспауы тиіс. Жасы келіп тұрса, «Баспана Хит» бағдарламасымен алып алған дұрыс.

Тағы бір артықшылығы бар. Қолданыста болған пәтерлердің саны көп. Өкінішке орай, жаңа үйлер бұл жағымен мақтана алмайды.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, жаңа пәтер болсын, ескілеу үй болсын — сіздің мақсатыңыз бен мүмкіндігіңізге сай келуі керек. Біздің кеңес: егер жаңа үй деп шешсеңіз, құрылыс компаниясы сенімді болсын. Қолданыста болған пәтер деп шешсеңіз, құжаттарына зер салыңыз. Сонымен бірге, ішкі коммуникацияларын да тексеріп алыңыз.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх