Ипотека әлде жер үй құрылысы: қайсысы тиімді?

Ипотека маманы болғандықтан, осы сұрақ, жоқ сұрақтан көрі пікірді көп естіп жүремін. Ол «ипотекаға пәтер алып, оны төлеп жүргенше жер алып, үй салып алғаным артық» деген пікір. Әрине, мен құрылыс саласының маманы емеспін. Бірақ үй құрылысын жүргізген жақсы таныстарым бар. Олар келтірген ақпаратты алып, осы сұраққа жауап іздеп көргеніміз дұрыс деп шештім.

Ипотека

Ипотека қолында бірден баспана сатып алатын, немесе салып алуға мүмкіндік беретін дайын ақшасы жоқ жандарға арналған өнім. Тиісінше, банк сізге қажетті ақшаны бергені үшін ай сайын негізгі қарыздың үстінен сыйақы алып отырады. Оны бәріміз жақсы білеміз және оны қалың бұқара «процент» деп атап кеткен. Артық төлейтін шығындарымыз осы проценттің мөлшеріне, банк комиссияларының болуы мен олардың мөлшеріне қатысты. Шынымды айтсам, коммерциалық ипотека біз үшін өте қымбат, себебі олардың үстемелері 14-16% құрайды.

Бұл ретте пайызы төмен мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларға назар аударған жөн. Мысалы, бәрімізге танымал «7-20-25» ипотекалық бағдарламасында жылдық үстеме пайызы небары 7%-ды құрайды. Оған қоса, комиссиялар мен сақтандыруға тиым салынған. Сайып келгенде, өте тиімді болып шығады. Ал жер үй мен қолданыста болған пәтерлерді алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының қазіргі проценті 10,75%. Бұл да өте тиімді ұсыныс.

Сонымен ипотеканың қандай артықшылықтары бар:

  • Аз ақшамен баспанаға қазір кіріп алып, қалған соманы артынан төлей беру;
  • Қаланың орталығы, кез-келген өзіңізге қолайлы жерден үй алу;
  • Дайын үй алатындықтан, ешқандай құрылыс жұмыстарына алаңдамау;

Үй құрылысы

Өзіңіз үй салсаңыз, оның жобасын қалағандай қылып жасауға мүмкіндік бар. Демек сіз өзіңіздің инженерлік, дизайнерлік жоспарларыңызды іске асыра аласыз. Бірақ, бұл оңай жұмыс емес. Өзіңіз басы-қасында болып, толыққанды жүруіңіз тиіс. Оған дайын болыңыз.

Үй салудың негізгі кезеңдері мынадай:

  1. Жер телімін табу

Демек, сіз үй салатын жерді таңдап, сатып алуыңыз керек. Ірі қалалардың ішінде болса, қымбат болады, шалғайлау болса, тиісінше арзан болады. Оның барлық құжаттары заңды болуы керек. Себебі бізде жерге қатысты алаяқтық әрекеттер көбейіп кеткен. Соны ескеріңіз. Жерге негізгі инженерлік коммуникациялар, жарық және су, мүмкіндігінше газ тартылғаны абзал.

  1. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу

Заң бойынша, құрылыс сәулет органдарынан сәулет-жоспарлау тапсырмасын алғаннан кейін ғана басталуы керек. Ол үшін сізге жеке немесе онлайн режимінде өтінішті, жеке куәлікті, жобалық тапсырманы, жер учаскесіне мемлекеттік куәлікті, байланысқа қосылуға арналған техникалық шарттар туралы анкетаны (сайт), жер топографиясын жіберу қажет. Техникалық шарттарға арналған сауалнамада үйге арналған электр қуаты, сумен жабдықтау, канализация, жылумен жабдықтау, нөсерлі канализация, телефон қондырғысы, газбен жабдықтаудың жоспарланған сыйымдылығы бар кестені толтыру қажет. Техникалық шартсыз сізге сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілмейтінін ескеріңіз.

  1. Құрылысты жобалау

2018 жылдан бері егжей-тегжейлі жұмыс жобасын жасаудың қажеті жоқ. Тек құрылыстың  эскиздік моделін көрсетуге болады. Жекеменшік үй құрылысына авторлық қадағалау мен техникалық қадағалау қажет деп табылмайды. Бірақ жобада дизайнердің қолы, мөрі мен лицензиясы болмаса, мемлекеттік органдар жобаны мақұлдамайды.

  1. Құрылыс

Жобаның жобасы мемлекет тарапынан кейін мақұлданғаннан кейін, сіз құрылысты бастай аласыз. Оның басталуы туралы қазір мемлекеттік органға хабарлаудың қажеті жоқ. Құрылысқа қойылатын негізгі талаптарды сақтауыңыз керек. Үй қабырғалары жер телімінің шекараларынан кем дегенде 3 метр аулақ болуы керек. Осы кезде үйлер арасындағы қауыпсіз қашықтық сақталмақ.

Құрылыстың бір артықшылығы немесе кемшілігі — көбіне қала сыртында болуы. Біреулер үшін тиісінше бұл артықшылық болып саналады. Себебі қаланың шуынан шалғай, тыныш жерде өмір сүру мүмкіндігі бар. Ал қалада күнделікті жұмыс істейтін азаматтар үшін әрине қатынау біраз қиындықтар туғызбақ. Олар үшін үйдің мейлінше жұмысқа жақын болғаны жақсы.

Мен мынандай кеңес берер едім. Егер сіздің жұмысыңыз қаладан тыс, өндіріс, ферма, ауыл шаруашылығына байланысты болса, өзіңіз жер алып, үй тұрғызғаныңыз дұрыс. Ал егер отбасы мүшелерінің барлығы қалада жұмыс істейтін болса, онда жұмысқа жақын жерден баспана таңдап, ипотекаға алып қойған анағұрлым тиімді болады.

Рустем Сериков
Работник финансового сектора. Знает все секреты своей сферы. Охотно делиться советами касательно кредитов, банковских процентов и оценки платежеспособности.
Записи созданы 8

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх