Кепілзатты онлайн тіркеу: оның қандай пайдасы бар?

2020 жылдың шілде айынан бастап жылжымайтын мүлікті кепілзат ретінде тіркеу онлайн түрде жүзеге асырыла бастады. Алғашында жаңа жоба пилот түрінде Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында сынақтан өткізіліп жатыр. Одан кейін, бүкіл ел аумағында жұмыс істей бастамақ. Оның қарапайым азаматтарға қандай пайдасы бар? Осы тақырып турасында кеңірек сөз қозғасақ.

Кепілді тіркеу не үшін қажет?

Жалпы, баспананы кепіл ретінде тіркеу арнайы заң аясында жүзеге асады. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi.

Түсінікті тілмен айтсақ, сіздің банкке кепілге қойған үйіңіз мемлекеттік базаларға енгізіледі және ол туралы базадан ақпарат сұратқан орган автоматты түрде біліп отырады. Демек, банкте кепілде тұрған затты ешкім банк рұқсатынсыз меншіктеп ала алмайды, сату, біреудің атына аудару мүмкін болмайды. Бұл ең бастысы, алаяқтыққа тосқауыл қояды және сіз бен банктің қаржылық қауыпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кепілді онлайн тіркеу

Бұрын банк пен ипотека алып жатқан азамат арасында жасалған кепілзат шартын азаматтың өзі барып, халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тапсыруы тиіс болатын. Сонда түсінікті тілмен айтқанда, кепілде тұрған үй арестке қойылатын. Одан кейін, үш жұмыс күнін күтіп, әділет органдарында тіркелген шартты ХҚОдан алып, қайтадан банкке апаруы керек. Бұған кәдімгідей уақыт кететін.

Мәселен, халық арасында кең тараған «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын мысалға ала отырып салыстырсақ, онлайн тіркеудің енгізілуімен ипотека рәсімдеу мерзімі кем дегенде 3 жұмыс күніне қысқармақ.

Әділет министрі Марат Бекетаевтың хабарлауынша, енді кепілді тіркеу бір күннің ішінде жүргізілетін болады. Кепілзат шартын банк онлайн тіркейтін болады. Ал қарыз алушыға ешқайда барып жүрудің қажеті жоқ.

Қортынды

Демек, енді ипотека рәсімдеу өте оңай әрі жылдам жүзеге асатын болады. Бұған барлық процесстерді автаматтандыруға басым бағыт беріп отырған мемлекет үлкен қолдау білдіріп отыр. Соның арқасында, ипотекаға үй алып жатқан азаматтар еш қиналмайды.

Біз өз кезегінде, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүргізіліп жатқан пилотты жобаның сәтті аяқталып, игі бастаманың бүкіл республика аумағы бойынша енгізілетініне сенімдіміз.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

2 коментария “Кепілзатты онлайн тіркеу: оның қандай пайдасы бар?

  1. Әйгерім сәлематпа!7-20-25 бағдарламасымен халыққа маңызды мәселені түсіндіріп жүрген журналистсің.Біраз мағлұматтар алдық.Алайда қазіргі таңда еліміздегі ахуалға

    байланысты дәрігерлерден пенсиялық взнос басылмауда.Қызым осы бағдарламамен үй алғысы келеді.Бірақ пенсионный взнос бірнеше айдан бері басылмаған деп банк жауап беруде.Мүмкін банк жұмыс істейтін ауруханадан айлығы туралы анықтама алдыра отырып ипотека жүргізуге болатын шығар.Осы мәселе жөнінде айтып өтсеңіз.Сізден жауап күтеміз.

    1. Рахмет! Мен бұл мәселені банктен сұрағанмын. Банк үшін табысты растайтын жалғыз ақпарат сол зейнетақы салымдары болып отыр. Басқаша тексере алмайды. Сондықтан қиындықтар туындауда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх