Жаңа пәтер: әрлеу ньюанстары

Көп жағдайда жаңа пәтерлер әрлеусіз сатылады. Оған қатысты екі түсінік бар: осы арқылы құрылыс компаниясы кәдімгідей ақша үнемдейді, әрі сатып алған адамға өз пәтерін қалауынша дизайн жасап әрлеуіне мүмкіндік береді.

Осы екі бағыттың әрқайсысында қандай артықшылықтар бар? Осыны кең көлемде талқылап көрсек?

Әрлеу жұмысы жасалған дайын пәтер

Кей жағдайда құрылыс компаниясы әрлеу жұмыстары жасалған дайын пәтерлер ұсынады. Оның артықшылығы, егер сізде жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы болмаса, не оған уақыт та, ниет те болмаса, бірден көшіп барып, тұра берсеңіз де болады. Бұл өте ыңғайлы екенін жасырмаймыз.

Бірақ, әрине, кемшіліктері де жоқ емес? Ең басты сұрақ – құрылыс компаниясы жасап берген әрлеу сіздің көңіліңізден шыға ма? Көп жағдайда олай бола бермейді. Сондықтан бұл бағыттың екі басты кемшілігі бар. Біріншісі – өзіңіздің қалауыңыз бойынша, дизайнының бойынша әрлеу жұмыстарының жасалмауы. Екіншісі – әрленіп дайын тұрған үйдің жөндеу жұмыстары жасалмаған пәтерге қарағанда әр шаршы метрінің едәуір қымбат болуы.

Еш әрлеусіз, қарабайыр (черновой) пәтерлер

Егер құрылыс компаниясынан пәтер алып жатсаңыз, 90% жағдайда сізге әрлеусіз, қарабайыр пәтер кезігеді. Демек, жөндеу жұмыстарын өзіңіз жүргізуіңіз керек.

Мұның қандай артықшылықтары бар? Ең басты артықшылығы – осы пәтерді өз қалауыңызша жасап алуыңыз. Қандай дизайн жасағыңыз келеді, оның барлығын өз авторлық фантазияңызды жасырмай, осы жерде жүзеге асыруға болады. Жұмыс біткеннен кейін, көңіліңіз толып жүреді. Мұндай баспанада өмір сүрудің өзі сізге қуаныш пен ләззат сыйлайды.

Ал кемшіліктері бар ма? Әрине бар. Ең бастысы – материалдық сұрақ. Қазір құрылыс, әсіресе әрлеу материалдары арзан емес. Және уақыт санап қымбаттап жатқаны байқалады. Осы тұрғыда – сіз ойлаған жөндеу жұмыстары бюджетіңізге ауыр тиюі мүмкін. Мұндайды «Үйдегі көңілді түздегі нарық бұзады» деп айтады. Тағы бір кемшін тұсы – уақыт. Яғни, жөндеу жқмыстары бітпей тұрып, сізге күтуге тура келеді. Бірден өз үйіңізге қоныс аудара алмайсыз.

Қалай болғанда да, басыңызда жекеменшік баспананың болғаны өте маңызды. Жаңадан салынып жатқан пәтерлерді сатып алу кезінде азаматтар танымал «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына көбірек жүгінеді. Себебі, оның шарттары өте ыңғайлы және тиімді.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 43

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх