Қазір 7-20-25 ипотекалық бағдарламасын естімеген жан жоқ. Ол бойынша талай отбасы үйлі болып үлгерді. Жалпы 7-20-25 көмегімен баспаналы болу іс жүзінде қалай жүзеге асады? Бүгін осы жөнінде әңгімелейтін боламыз.
7-20-25 бағдарламасының шарттары қандай
Бағдарламаның шарты өз атына енгізілген. 7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді. Қарыз алушы комиссиядан босатылған. 20 дегеніміз бастапқы жарна. Ал 25 — ипотекалық кредиттің жылдармен көрсетілген ең ұзақ мерзімі. Алайда қарыз алушы ипотеканы өзіне ыңғайлы кез-келген мерзімге ала алады. Тағы бір маңызды шарт, 7-20-25 бағдарламасы бойынша несие тек қана бастапқы тұрғын үйлерге (жаңадан салынған үйлерге) ғана беріледі. Бағалары бойынша да шектеулер бар. Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аймақтармен бірге), Ақтау, Атырау мен Шымкент қалаларында баспана бағасы 25 миллион теңгеден, ал басқа өңірлерде 15 миллон теңгеден аспауы керек.
Кімдер 7-20-25 бағдарламасына қатыса алады
Бағдарламаға Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Бастысы азаматтың атында үй болмауы және басқа ипотекасы болмауы тиіс. Сонымен бірге табыс ресми расталуы қажет. Егер сіз айлық алатын болсаңыз, онда ол бойынша зейнатақы қорына салымдар түсіп тұруы керек. Ал жеке кәсіпкер болсаңыз, онда банк сізден жылдық салық декларациясын талап етеді.
Баспана алу үшін жасалатын қадамдар
Ең бастысы үй табыңыз. Жоғарыда жазғандағымыздай, үй жаңа болуы керек және бағасы сай келуі тиіс. Үй тапқаннан кейін, банкке барып сол үйді алатын мүмкіндігіңізді есептетіп алыңыз. Егер банк алдын-ала есептеп, ипотеканы мақұлдайтынын хабарласа онда сатып алынатын тұрғын үйді брондауға кеңес береміз.
Одан кейін банк берген тізім бойынша құжаттар жинап, банкте кредит алуға өтініш жазу керек. Ипотека мақұлданғаннан кейін, алғашқы жарнаны не банкке, не сатушыға аударып, құрылыс компаниясымен сатып алу-сату шартын жасасасыз. Ол шарт нотариус арқылы расталып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ онлайн) тіркеледі. Тіркелген сатып алу-сату шартын банкке ұсыну қажет. Бұдан кейін банкте қарыз шарты, төлемдер кестесі, сатып алынатын тұрғын үйді кепілге қою шарты жасалып, оған сіз қол қоясыз. Өз кезегінде, сатып алынатын үйді кепілге қою шартын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та (ХҚКО) немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ онлайн) тіркеу қажет. Тек осы қадамнан кейін банк қалған соманы сатушыға аударады. Ал Сіз үйдің кілтін аласыз.
Қай банктерге жүгіну қажет
Қазіргі таңда 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотекалық кредитті Центркредит Банкі, АТФБанкі, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық Банк, Халық Банкі, ForteBank, Сбербанк береді.
Салеметсизбе алгашкы жарна жеткиликсиз болса,сертификат алу караластырганба?
Индира, сұрағыңызға рахмет. «7-20-25» бағдарламасы бойынша, сертификатты алғашқы жарнаны жеңілдету үшін қолдануға болады. Алайда, серитификаттарды әкімдіктер береді. Сондықтан, толық ақпаратты тұратын жеріңіздің әкімдігінен ала аласыз.
Казир 20% бар куйып ала берсек болама уй багасы 36млн деп тур..Ипотекага ала аламызба?
Банк сізге тек 20 млн береді. Одан артық бағдарлама бойынша рұқсат етілмеген. 5 млн алғашқы жарна өзіңіз құясыз. Ал қалған разницаны, 11 млн теңгені құрылыс компаниясына бөлек төлеп, ал сатып алу келісім-шартында үй бағасын 25 млн теңге деп жаздырасыз
Мен мұғаліммін. Үйім жоқ шымкенттен қалай үй алуға болады? Мұғалім болып жұмыс жасағаныма 8 жыл болды.
Сұрағыңызға рахмет! Мен мақалада бәрін түсіндірдім ғой. Не істеу керектігін
Кеш жарық Айгерім. Мен үй тауып, алғашқы жарна құйып қойдым. 7 20 25 бағдарламасында іліну үшін мен енді қандай маманға жолыгуым керек?
Рахмет! Енді Банк ЦентрКредит немесе Сбербанкке барыңыз. Тез түсіндіреді.
Бұл бағдарламамен Павлодар қаласында алуға болама?
Әрине болады. Мақалада бәрі жазылған ғой, не істеу керектігі
Сәлеметсіздер ме? Зейнетақы қорынан үй алу жағы қарастырылған ба?
Сұрағыңызға рахмет! Мемлекет басшысы Жолдауы бойынша, ия, қарастырылған. Бірақ бұл норма 2021 жылдан бастап жұмыс істейтін болады
Жас мөлшері қанша жастағылар қаьыса алады?
Бағдарламаның өзі жасты шектемейді. Бірақ банктер 21 жастан зейнет жасына дейін қарастырады
Уй алу үшін жалақы мөлшері қандай болуы керек? Педагогтарға жеңілдік бар ма?
Мен мұғаліммін. Шымкенттен қалай алуға болады? Тұрғылықты мекен жай яғни прописка осында болу керекпа?
Сұрағыңызға рахмет! Мен осы мақалада барлығын тәптіштеп жаздым ғой. Пропискаға қарамайды. Бірақ банктің тыныштығы үшін сол қалада болғаны жөн
Сəлеметсізбе! Баска банкте кредит болса ол просрочка болса берілмейме? Казір карантинге байланысты пенсионныйда токтатылып кейбір мекемелер 6 айга толемей отыр. Ондай болса берилмейме?
Менің тәжірибем бойынша, берілмейді. Өйткені сіз онсыз да кредит төлеуден қиналып жүрсіз. Ал ипотеканы қалай төлейсіз?
Салеметсыз бе! Уй жайлы билеин деп едым!
Сұрағыңызға рахмет! Үй жайлы біздің бүкіл мақалаларымызда барлығы жазылған. Оқып, танысып шығыңыз
Салеметсизба менин атым Самал менин квартирада жургениме 10 жыл болды, уй алуга алдын ала толем жасауга акшам жок маган ипотекга уй берилема мен озим акушерка болып жумыс истеимин жасым 32 де
Алдын ала төлем бәрібір қажет
мен жалгыз басты анамын
Сәлеметсіз бе.Егер 7-20-25 бағдарламасы бойынша алатын үйдің 50 пайызын бірден төлесе бола ма.Және де ешқандай кредитім жоқ өзім мұғаліммін мен ала алам ба.Түркістаннан алайын деп едім
Ия болады. Еш шектеу жоқ
Сәлеметсіз бе! Мен Жилстройда депозит ашқан едім. 7-20-25 бағдарламасы бойынша айлық көрсеткіші есептелінеді ме екен? Және қанша болу керек?
Үйдің 20пайызы болса депозиттен алып барып құю керек пе? Әлде, банкке ұсыныс тастап барып алуға болады ма?
Сұрағыңызға рахмет! Отбасы банкі «7-20-25» бағдарламасы аясында жұмыс істемейді. Сондықтан, егер Отбасы банкінде депозит жинақтап жүрсеңіз, сізге ұялы телефоныңыздан 300 нөмірін теріп, банк менеджерінен ары қарай қадамдарыңыз бойынша кеңес алу қажет.