Ипотека бойынша салық шегерімдері: оны қалай аламыз?

Ай сайын ипотека төлеп отырғандардың бірі білсе, бірі білмейтін дүние бар. Ипотека бойынша ай сайынғы төлемнің сыйақы шығыстарына салықтық шегерімдер қолдануға болады. Демек, үнемдейсіз деген сөз. Оған қалай қол жеткізе аламыз? Бірге танысып шығайық.

Ипотекалық салық шегерімдері дегеніміз не?

Біле білсеңіз, кез-келген жұмыс істейтін ел азаматы өз жалақысынан зейнетақы жарналарын және жеке табыс салығын төлеп жүр. Ал 2025 жылдан бастап Салық кодексіне сәйкес жеке тұлға банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы төлеу шығыстарына салық шегерімін қолдана алады. Бұл дегеніміз, мысалы егер сіз танымал «7-20-25» немесе «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы несие алсаңыз, ай сайынғы төлем ішіндегі сыйақы сомасы сіздің жеке табыс салығыңыздан шегеріліп отырылады. Одан қандай пайда бар? Есептеп көрейік.

Мысалы, сіздің жалақыңыз 300 000 теңгені құрайды дейік.
Одан алынатын зейнатақы жарнасын есептейік: 300 000 * 10% = 30 000 теңге.
Ал сізден алынатын жеке табыс салығы былай есептелінеді: (Жалақы – зейнетақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш) * 10%. Тиісінше ол (300 000 – 30 000 – 42 500) * 10% = 22 750 теңге.

Сонда 300 мың теңге айлығыңыз болса, сіз 22 750 теңге салық төлейсіз, ал қолыңызға тиетіні 247 250 теңге.

Енді, егер сіз ай сайын ипотека төлеп отырсаңыз, салық шегерімдері арқылы қандай сома үнемдейтініңізді есептеп көрейік.

Мысалы, сіз «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы пәтер сатып алдыңыз дейік.
Пәтердің құны — 12 000 000 теңге
Алғашқы жарна — 20% — 2 400 000 теңге
Несие мерзімі — 15 жыл.

Бағдарламаның ипотекалық калькуляторымен есептеп, бұл жағдайда ай сайынғы ипотекалық төлемнің 107 311 теңге шығатынын біліп аламыз. Төлемнің ішінде банк пайыздары басында 85 600 теңгені құрап, ай сайын 200 теңгеге азая береді.

Енді салық шегерімін іске қоссақ, қанша сома үнемдейтінімізді анықтайықшы.

Мына формуланы іске қосамыз. (Жалақы – зейнатақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш — ай сайынғы ипотекалық төлемнің ішіндегі банк сыйақысы) * 10%, демек (300 000 – 30 000 – 42 500 – 85 600) * 10% = 14 190 теңге. Бұл біз төлейтін жеке табыс салығы. Оның алдындағы салыққа қарағанда 8 560 теңгеге аз.

Сонымен, егер ипотекалық шегерімдерді іске қоссақ, онда несие төлеудің бірінші айында біз 8 560 теңге үнемдейміз. Ал ай сайын банк сыйақысы 200 теңгеге азайып отыратынын ескерсек, біздің үнемдеуіміз де ай сайын шамамен 20 теңгеге қысқарып отырады.

Ипотекалық несие бойынша шегерім алу үшін не істеу керек?

Сіз өзіңіз жұмыс істейтін мекеменің бухгалтеріне барып, ипотекалық несиенің бар екенін растайтын құжаттар: тұрғын үй ипотекалық несиесі туралы шарт пен қарызды өтеу кестесін ұсынып, шегерімге өтініш жазуыңыз қажет.

Бір ескерткім келгені, мақаладағы есеп-қисап шамалас жасалған. Әр адамның қарызы әртүрлі болғандықтан, нақты үнем сомасын тек бухгалтериядағы мамандар есептей алады. Бірақ сіз мен  келтірілген мысалға сүйене отырып, қанша сома үнемдейтініңізді шамалап есептей аласыз.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

12 коментариев “Ипотека бойынша салық шегерімдері: оны қалай аламыз?

  1. Саламатсыздарма
    Биыл осы президент жарлығымен 7-20-25 бағдарламасымен 7000 отбасыға арендалық үй берілетіндігі распа.
    Маған осы бағдарламамен президент жарлығымен баспана алуға іліктіңіз. Бастапқы жарнаны үкімет төлейді,қалғанын 7 жылға 13 мың тағы қосымшасы бар нақты ұмытып қалдым.
    Нұрсұлтан қаласынан деп 18 қыркүйек күні хабарласқан, өз жергілікті әкімдігіне жібердік 3 жұмыс күн ішінде хабарласады деп,бірақ міні бүгін 26 қыркүйек,бірақ еш хабар жоқ
    Менде күдік пайда болды,бұл ақпарат қаншалықты рас

    1. Сұрағыңызға рахмет! 7-20-25 бағдарламасымен арендалық үйлер берілмейді. 7-20-25 ол таза ипотека. Бұл жағдайда Сізді алаяқтар алдап жүруі мүмкін. Ешкімге ешқашан ақша бермеңіз

  2. Саламатсызба салықтан шегеріледіма расынд. Тек қана Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ғана шегеріледі дейдіғо.

    1. Сұрағыңызға рахмет! Қазір салық шегерімдері ТҮҚЖБ ипотека бойынша беріледі. Ал басқа ипотекаларға, оның ішінде 7-20-25, Баспана Хит бар, оларға шегерімдер 2021 жылдан бастап жұмыс істейді

    2. Сәлеметсіз бе, «БАСПАНА ХИТ » бағдарламасымен ипотекалық қарыз бойынша шегерім 2020 жылы алынған ипотекаға қатысы бар ма?
      «2021 жылдан бастап Салық кодексіне сәйкес жеке тұлға банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы төлеу шығыстарына салық шегерімін қолдана алады»-депсіз. Ол 2020 жылғы алынған ипотекаға қатысы бар ма? Шегерім жасауға бола ма? Қазіргі жағдайда.

      1. Сұрағыңызға рахмет! Салықтық шегерім тек 2021 жылдан бастап қана күшіне енеді. Сол уақытта өтініш бере аласыз. Алдыңғы жылдарға шегерілмейді. Тек өтініш берген сәттен бастап шегерілім жүреді.

  3. саламатсызба. мен Тараз қаласында тұрамын. Жезқазғанға жас маман болып жұмысқа тұрсамьа деп едім. соған байланысты үй ала аламынба?хоть я бы бөліп төлеуге.алдын ала төлемсіз. ондай жолдары барма?өзім үйленгенмін.жасым 25 те. 1. балам бар.

  4. Менің ипотекалық кредитім бар 2006 жылы алынған 4% пайызбен салық шегерілімі жасалады мп

    1. Қазіргі өзгерістер бойынша шегерілім 2025 жылдан бастап енгізілетін болады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх