Ипотека 2021. «7-20-25» бағдарламасында қандай өзгерістер бар?

Өздеріңіз білетіндей, елімізде ипотекалық бағдарламалардың саны аз емес. Олар жыл сайын құбылып өзгеріп тқрады. Жабылып жатқан, жаңадан ашылып жатқандары да бар. Енді осы бағдарламалардың бірі және ең негізгісі – 7-20-25 ипотекасы биылғы жылға қандай өзгеріспен кіріп отыр? Осы тақырыпты тереңірек қаузасақ.

«7-20-25» бағдарламасында қандай жаңашылдық бар?

Бағдарламаның ең үлкен жаңалығы – банк қатарының толығуы болды. Бұған дейін бағдарламамен 8 банк жұмыс істеп келсе, енді олардың саны тоғызға жетіп отыр. Банктер қатарына Altyn bank қосылып отыр. Нәтижесінде енді «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредитті ЦентрКредит Банкі, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық Банк, Халық Банкі, ForteBank, Сбербанк пен Altyn bank береді.

Сонымен қатар дәл осы банктер қолданыста болған үйлерді қамтитын Баспана Хит бағдарламасы бойынша да жұмыс істейді.

Бағдарламаның шарты қандай?

Өзіміз көріп отырғандықтай, бағдарламаның шарты атында тұр. 7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді. Қарыз алушы азамат комиссияның барлық түрінен босатылған. 20 дегеніміз — бастапқы жарна. Бұл жерде қандай өзгеріс болды? Егер бағдарлама жұмыс істей бастаған 2018 жылы алғашқы жарна үй бағасының 20 процентін құрайды деп қатаң бекітілсе, енді соңғы жылдары 20% немесе одан да көбірек жарна құюға болады. Бұл азаматтар алдында туындап жүрген көптеген ыңғайсыздықтарды жойды. Ал 25 —  ипотекалық кредиттің жылдармен көрсетілген ең ұзақ мерзімі. Алайда, қарыз алушы ипотеканы өзіне ыңғайлы кез-келген мерзімге ала алады.

Үйдің шекті құнында жағымды өзгерістер бар. Қарағанды қаласы бойынша сатып алуға болатын үйдің шекті бағасы 15 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін өсті. Қарағандылықтар үшін бұл көптен күткен жаңалық еді. Себебі, Қарағанды қаласында көптеген үйлер 15 миллион теңгеден артық бағаға сатылып жатты да, бағдарламаға ілінбей қалды. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аймақтармен бірге), Ақтау, Атырау мен Шымкент қалаларында баспана бағасы 25 миллион теңгеден, Қарағанды қаласында 20 миллион теңгеден, ал басқа өңірлерде 15 миллион теңгеден аспауы керек.

«7-20-25» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Бастысы азаматтың атында үй болмауы және басқа ипотекасы болмауы тиіс. Сонымен бірге табыс ресми расталуы қажет. Егер сіз айлық алатын болсаңыз, онда ол бойынша зейнатақы қорына салымдар түсіп тұруы керек. Ал жеке кәсіпкер болсаңыз, онда банк сізден жылдық салық декларациясын талап етеді.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

2 коментария “Ипотека 2021. «7-20-25» бағдарламасында қандай өзгерістер бар?

  1. Биыл осы бағдарлама турасында көп түйткілдер болып тұр. Бағдарлама 2022 жылы жабылады дейді, ол қаншалықты рас? Егер, шынымен тоқтатылатын болса, неліктен ресми түрде жарияламайды?! Себебі, бізге осы бағдарламамен пәтер алуға биылғы жылы мүмкіндік болмай тұр. Салынып жатқан үйлердің көбісі 2022 жылы 1,2,3 кварталда беріледі деп отыр. Осының анық қанығын біліп берсеңіз, көп адамдардың алғысын алар едіңіз. Рақмет

    1. Cұрағыңызға рахмет! 7-20-25 бағдарламасы 1 триллион теңгені игергенше өз жұмысын жалғастыра береді. Әзірге тек 360 миллиард теңге несие берілген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх