Несие тарихы «оңалғандар» мен ипотека

Мемлекет жаңа «шанс» берді. Несие тарихы «оңалғандар» мен ипотека

Бұған дейін кредитін қайтара алмай, істі болып, «қара тізімге» енгендер банктен ипотека ала алмайтын. Банк оларға күдікпен қарап келді. Енді мемлекет осы азаматтарға кредит есігін қайта ашу үшін жаңа қадамға барып отыр.

ҚНРДА көмегі

2021 жылдан бастап Қазақстанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) енгізген қарыз алушыларды оңалтудың жаңа тетігі жұмыс істейді.  ҚНРДА мәліметі бойынша, сәуір айының соңына таман кредиттер бойынша «оңалтылды» деген мәртебені автоматты түрде 1 419 000 азамат алған.

Демек, бұған дейін ипотека ала алмай жүрген бір жарым миллионнан астам отандасымыз енді үй жайын жақсартуға мүмкіндік алып отыр. Оның ішінде, егер бастапқы үйді алуға ниет етсеңіз, бәрімізге танымал «7-20-25» ипотекасына жүгінуге болады. Ал егер сізге қолданыста болған үй қолайлы болса, немесе салынып жатқан үй арзанырақ шығып тұрса, онда «Баспана Хит» ипотекасын қарастыруға кеңес береміз.

Азаматтар «қара тізімге» қалай кіріп кеткен?

ҚНРДА мәліметі бойынша, несие қарызын 90 күн астам уақытта төлемеген жағдайда, ақпарат кредиттік бюро жүйесінде көрсетіледі. Демек азаматқа ақпарат кредиттік бюроға енген сәттен бастап банктер мен микроқаржылық ұйымдар несие бермейтін болады. Сондықтан өзіңіздің кредиттік жауапкершілігіңізге мұқият болғаныңыз жөн.

Кредит төлеуді бір-екі күнге кешіктірсем ше?

Егер бір-екі күн несие төлемін уақытында төлемесеңіз, қатты қобалжудың қажеті жоқ. Сол кешіктірілген уақытқа есептелген өсімін (пеня) қосып, өтеп тастаған абзал. Ол жағдайда ешқайда ақпарат жіберілмейді. Тек банк менеджері хабарласып, еске салуы мүмкін. Кредиттік бюроға ақпарат тек несиені өтеу мерзімі 90 күнге кешіктірілсе ғана барады.

Кредиттік оңалтуды қалай алуға болады?

Кредиттік оңалту дегеніміз – сіздің несие тарихыңыз түзелді дегенді білдіреді. Яғни, бұрын еш банк кредит бермесе, енді олар сізге несие беруге кет әрі емес болады. Ол кредиттік бюродағы сіздің досьеңізде көрсетіліп тұратын статус. Осы мәртебе автоматты түрде өзі беріледі. Оған қандай да бір құжаттар талап етілмейді. Рәсімді кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге де мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді.

Менің осы мақалам сіздерге пайда болды деп ойлаймын. Егер сіз «қара тізімде» жүрсеңіз, бірақ қазір банк немесе басқа да қаржы ұйымдары алдында еш қарызыңыз болмаса, сізді мемлекет автоматты түрде оңалтуы ғажап емес. Ол үшін кредиттік есеп сұратып, статусты тексеріп жүру керек.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 45

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх