Ипотека несиесі. Төлеуге қиналсаңыз не істеу керек?

Тұрғын үй ипотекасы – Қазақстанда ең көп алынатын несие түріне жатады. Ұлттық Банк мәліметі бойынша, 2020 жылдың қортындысы бойынша елдегі ипотекалық портфель көлемі 3 триллион теңгеге жеткен. Оның 1 триллион теңгесін азаматтар ипотека ретінде 2020 жылы алған. Мысалы, 2020 жылы бәрімізге танымал «7-20-25» бағдарламасы арқылы 120,8 миллиард теңге, ал «Баспана Хит» бағдарламасымен 228,8 миллиард теңге несие берілген.

Ипотека ең алдымен несие болғандықтан ол міндетті түрде қайтарылым принципіне негізделген. Яғни, банктен алған соманы үстіне проценттерімен қосып қайтару керек. Оны қайтаруға кепіл ретінде – сатып алған үйіңіз қойылады. Тиісінше, өзара мәмілеге сай, егер сіз кредитті қайтармасаңыз, банк кепілзатты саудаға шығарып, қарызды өндіріп алуға толық құқылы.

Бірақ уақытша қиындықтар туындап, кезекті төлемді кешіктіріп жатсаңыз қайтпек керек?

Тез арада банкпен келіссөздер жүргізіңіз

Ешқашан банктен, сізді іздеген банк менеджерінен қашпаңыз. Бұл кейін өзіңізге ауыр тиетін болады. Сізден еш хабар ала алмаған банк кепілзатты өндіріп алу процесін бастап кетуі мүмкін. Онда үйіңізден айрыласыз, артық шығынға батасыз.

Банкке барып жағдайды түсіндірген абзал. Сізге қарызды қайта құрылымдаудың, шегерудің түрлі әдістері ұсынылатын болады. Оның ішіне шегерім беру, несие мерзімін ұзартып, айлық төлемдерді жеңілдету сынды жолдары болады. Соның өзіңізге ыңғайлысын таңдап алып, екі жақты мәміле жасауыңыз қажет.

Ауыр жағдайда қалғаныңызды дәлелдеңіз

Қазіргі уақытта ай сайынғы соманы төлей алмай отырғандығыңызды құжат бойынша дәлелдеу керек болады. Сондықтан қолда бар құжатты банк менеджеріне көрсетуіңіз тиіс. Ол жұмыстан шығып кеткеніңіз туралы бұйрық, ауырсаңыз еңбекке жарамсыздық парағы болуы мүмкін. Банк менеджері оны сіздің қолдан жазылған өтінішіңізге тіркеп, тиісті шешім шығаруға жіберетін болады.

Қиын жағдайға тап болып, ипотеканы төлей алмасаңыз қорықпаңыз. Бастысы – өзіңіз осы жағдайды мойындауыңыз керек. Қиындықтардың бәрі уақытша ғана. Оны еңсеріп шығу сіздің қолыңыздан келеді!

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 43

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх