Ипотека және уақыт! Мерзімді таңдағанда нені ескеру керек?

Ипотекада таразының екі жағы бар. Әсіресе ол мерзім таңдауға келгенде анағұрлым байқалады. Бір жағынан ипотеканы ұзақ мерзімге алсаңыз, ай сайынғы төлемі аздау болатыны түсінікті. Бірақ екінші жағынан, артық төлеміңіз көбейеді. Дұрыс баланс қайда жатыр?

Алдымен ипотекаға мерзім факторының қалай әсер ететінін қарастырайық:

  1. Артық төлем. Мерзім анағұрлым көп болса, артық төлем де соғұрлым көп. Бұл базалық математикалық принцип. Кейде артық төлем негізгі қарыз сомасынан да асып кетуі мүмкін.
  2. Ипотеканы төлей алмау қаупі. Қазіргі заманда 10 жыл тұрмақ, ертең не болатынын болжау қиын. Мерзімнің тым ұзақтығы болашақты нақты айқындауға мүмкіндік бермейді. Бүгін жақсы жұмыста отырсаңыз, ертең жұмыстан айрылып қалуыңыз бек мүмкін. Сондықтан, оған да дайын болып, мерзімді таңдағанда осы жәйтті ескеру керек.
  3. Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу. Ипотеканы ішінара, жартылай ертерек жауып жатқан жағдайда, қарыз алушы не қарыз мерзімін, не ай сайынғы төлемді азайтуды таңдай алады. Бұл енді сіздің қазіргі жағдайыңызға байланысты.

Өмір сүру сапасы сізге мерзім таңдау барысында әсер ететін басты фактор екені рас. Адам қиналғысы келмейді. Сондықтан ол түрлі сценарийлерді алдымен көз алдынан өткізіп алады.  Ең бастысы, ипотека мерзімі сіздің мүмкіндіктеріңізге қарай бағалануы тиіс. Мысалы, сіз үлкен несиені 15 жыл ішінде қайтара алмайтындығыңызды түсініп тұрсаңыз, оны 25 жылға алыңыз. Осы кезде қосымша табыс түсіп жатса, ипотеканың бір бөлшегін жауып отырыңыз.

Егер сіз әлі де ойланып отырсаңыз, мына қарапайым формулаға көз салыңыз:

5 жылдық ипотека – ай сайынғы төлемі көп, бірақ артық төлемі аз болады.

10 жылдық ипотека – ай сайынғы төлемі әлі де көптеу болады. Бірақ артық төлем жағынан сәл ұтасыз.

15 жылдық ипотека – көп жағдайда бұл ипотека ең ыңғайлы мерзімі болып саналады. Ай сайынғы төлемі қолайлы, артық төлемі де шектен шықпайтын жағдайда болып келеді. Біз дәл осы мерзімге барынша назар аударуға кеңес береміз.

20 жыл немесе одан да ұзақ мерзімді ипотека — бұл табысы төмен, бірақ сол табысы тұрақты жандарға арналған ұсыныс. Бірақ артық төлеу сомасы банк қарызынан асып кетуі мүмкін.

Артық төлем мен ай сайынғы төлемді дәл есептеу үшін ипотекалық калькуляторды қолданған дұрыс. Мысалы, бәрімізге танымал «7-20-25» бағдарламасының ай сайынғы төлемін, артық төлемін түрлі мерзімге шағып https://baspana72025.kz сайтындағы калькулятор арқылы есептеуге болады.

Бір нәрсе анық! Ипотеканы қанша уақытқа алу керектігін тек өзіңіз ғана шеше аласыз. Бірақ сол кезде осы ақпаратты да жадыда ұстаған абзал.

Сакен Жакуп
Магистрант экономического ВУЗа. Совмещает учебу и творчество. Любит открывать новые темы в области финансов.
Записи созданы 14

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх