ипотеканы мақұлдамауды

Ипотеканы мақұлдамаудың үш негізгі себебі

Қазақстанда әрбір үшінші адамға ипотека мақұлдамайтынын естіп пе едіңіз? Ия, дәл солай. Және оның өзіндік себептері бар. Банк оның бәрін түсіндіре бермейді. Бірақ мамандар: ресми табыстың болмауы, несиелік тарихының нашарлығы мен өтініш берушіде басқа несиелердің болуын – банктың сізге несие беруден бас тартатын басты себептеріне жатқызады.

Несие тарихы

Ипотекаға берген өтінішті қарастырып жатқан банк міндетті түрде қарыз алушының несие тарихын тексереді. Егер несие тарихының келеңсіз тұстары анықталса, банк ипотека беруден бас тартады.

Мысалы дейік, азамат бұрынғы несиелерінің бірін төлеуді 5 күнге дейін кешіктіріп алса, оның тарихы сәл бүлінеді. Бірақ банк үшін бұл бас тартатындай жағдай емес. Банк сізге ипотеканы беруі мүмкін. Ал егер бір айдан астам несие төлемеген жағдайда, тарихыңыз бұзылады. Клиент банктің көз алдында жауапсыз әрі сенімсіз қарыз алушы болып көрінеді. Ал егер несие мүлде төленбесе және банкпен соттассаңыз, ипотека алуға жол жабық деп есептеңіз.

Ресми табыстың болмауы

Ипотека алу үшін кіріс тұрақты және ипотеканы ай сайын төлеу үшін жеткілікті болуы керек. Қарыз алушының кірістерінен ай сайынғы ипотекалық төлемдерді шегергеннен кейін азаматтың тамақтануға, отбасы мүшелерін асырауға, коммуналдық төлемдер мен басқа да тұрақты шығындарға ақшасы қалуы керек. Сондықтан сіздің кірістеріңіз жетіспей жатқан кезде, банктер қосалқы қарыз алушы тартуды сұрауы мүмкін. Ол туралы мен алдында жазған болатынмын.

Басқа несиенің болуы

Несие – бірінің үстінен бірін ала беретін майшелпек емес. Әсіресе ипотека алар алдында өтелмеген басқа несиелердің болмауы маңызды.  беруден бас тартудың негізгі себебі клиенттің басқа несиелері болған жағдай болуы мүмкін. Несие беру туралы шешім қабылдай отырып, банк клиент үшін төлем жасау қаншалықты ыңғайлы болатынын талдайды. Егер қарыз алушының қаржылық ауыртпалығы тым үлкен болса, онда ол барлық несиелерін ипотека бойынша қайтара алмау қаупі бар.

Ал «7-20-25» немесе «Баспана Хит» сынды ипотекалық бағдарламалардың шарты бойынша, басқа ипотекалық несиелеріңіз болған жағдайда қатысуға тиым салынған.

Алайда, банктің несиелік саясаты уақыт санап өзгеріп отыратынын есте сақтаңыз. Егер банк ипотека беруден бас тартса, біраз уақыттан кейін қайта өтініш беріп көріңіз. Сонымен бірге, банктің не үшін бас тартқанын біліп, сол себепті жою арқылы алдын-ала дайындала аласыз.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх