Жасанды интеллект, big-дата мен Machine Learning технологияларының қарқынды дамуы біздің өмірімізді күрт өзгерте бастады. Әрине – жақсы жағына. Мысалы, онлайн мақұлдау, келісім-шартты электронды жасасу технологиясы ипотекаға да келді. Бұл орайда, Қазақстанның цифрлі технологиялары дамыған әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет болып отырғаны шын жүректен қуантады. Соның арқасында, жалпыхалықтық «7-20-25» ипотекасы цифрланып, енді тиімді ипотеканы үйден шықпай-ақ, интернет арқылы онлайн алуға мүмкіндік ашылып отыр. Ол қалай жүзеге асады?

Алдымен, қай қаладан үй алатымызды көрсетіп, өзіміз жоспарлаған үй бағасын белгілеу керекпіз. Қолыңызда бар алғашқы жарна 20 пайыздан көп болса, оны да белгілеу маңызды. Осы параметрлерден, банктің сізге ипотека беру, бермеу бойынша жауабы анықталатын болады. Қарыз мерзімін көрсетеміз. Мысалы, 180 ай дегеніміз 15 жыл.
Параметрлерді көрсеткеннен кейін, портал сізге жеке кабинет жасау үшін ЖСН нөміріңіз бен телефоныңызды енгізуді сұрайды.
Енгізгеннен кейін портал сіздің мәліметтеріңізді өңдей бастайды.
Бұдан кейін, қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, сіз видеотексеруден өтетін боласыз. Демек, компьютерде, не смартфонда камера қосылып тұруы тиіс.
Біздің жағдайымызда, банк өтінішімізді қанағаттандырды. Яғни, 16 миллион теңгеге кредитті онлайн мақұлдады. Үй бағасын кем дегенде 20 миллион теңге деп көрсеткендіктен, «7-20-25» бағдарламасының шартына сай, алғашқы жарна 4 миллион теңге болды. Енді портал арқылы пәтер таңдап, оны кепілге тіркеу мен келісім-шартты жасау ғана қалды.
Келісім-шарт жасар кезде, бір мәрте нотариусқа баруға тура келеді. Себебі, нотариус сізді өз көзімен көріп, құжатыңызды тексеріп, куәландыруы тиіс.