Бастапқы және қолданыста болған үйлер: оларды қалай анықтаймыз?

Ипотека шарттарына назар аударсаңыз, бастапқы тұрғын үй мен қолданыста болған үй деген бөлінулер жиі кездесіп жатады. Демек, ипотека үйлердің барлығына бірдей беріле бермейді, бір бағдарламалар тек бастапқы үйлерді сатып алуға несие бере алса, енді бірі қолданыста болған баспананы да сатып алуға мүмкіндік береді. Бүгін біз осы екі ұғымға толығырақ тоқталып, екі нарықтың ара-жігін тарқатқымыз келп тұр.

Бастапқы тұрғын үй

Бастапқы жылжымайтын мүлік — жақында пайдалануға берілген немесе әлі пайдалануға берілмеген тұрғын үй. Демек құрылыс компаниясы сала бастаған, немесе салып біткен жаңа үйлер. Бастапқы деп аталатыны — оның әлі қожайыны жоқ. Ешкім сатып алмаған. Мысалы, елдегі ең танымал «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын алып қарастырсақ, ол бойынша азаматтар тек қана пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді ала алады. Бұл дегеніміз не? Жаңа салынған үй пайдалануға берілген болуы тиіс. Ол дегеніміз үй салынып бітіп, оны қабылдау комиссиясы тексеріп, қабылдап алып, үйге тиісті құжаттары рәсімделді деген сөз. Демек бұл барлық жұмыстары біткен жаңа үй. Оған кіріп, жөндеу жұмыстарын істеп, тұра беруге болады. Ол баспана сатып алу-сату шарт жасалып, әділет органдарында тіркелгеннен күннен бастап қолданыста болған үйлер қатарына өтеді. Демек оның алғашқы қожайыны пайда болды.

Қолданыста болған үй

Пайдалануға берілген, пәтерлерінде құқық белгілейтін құжаттары бар үй. Демек, алғашқы қожайыны болған үй. Ол жаңадан салынуы мүмкін, ескі үй болуы мүмкін. Негізі жасы маңызды емес. Мысалы, егер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы тек қана пайдалануға берілген жаңа үйлерді қарастырса, қолданысты болған пәтер не жер үйлерді «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы алуға болады. Бұл әрине, өте қуанышты, пайдалы жаңалық. Қолданыста болған үйлердің артықшылықтары аз емес. Ең алдымен, олардың саны көп. Шекесінен шертіп таңдауға болады. Екіншіден – олардың жөндеу жұмыстары жасалған, барлық олқылықтары реттелген, артық шығынды талап етпейді. Көшіп кел де, тұра бер. Бірақ бастапқы тұрғын үйдің бағасы арзандау келеді. Оны да ескеру керек.

Пайдалануға беру деген не?

Маған бір сұрақ жиі қойылады. «Өзім жер алып, үй салып алсам, ол бастапқы тұрғын үй болып санала ма?». Ия, оның қазіргі нышаны бастапқы үй. Бірақ сіз құжаттарын өз атыңызға жасатқан күні, бастапқы деген статусынан айрылып қалады. Бірақ оны сіз жеке тұлға ретінде пайдалануға беріп, ипотекаға сата алмайсыз. Ол үшін үйді тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясы тұрғызып, құрылыс-cәулет органдарынан жобалық қадағалаушының қолы қойылған пайдалануға беру актісін алу керек.

Қалай болғанда да, өз мүмкіндігіңізді бағалап, өзіңізге қолайлы үйде тұруға үмтылыңыз. Енді біз бастапқы мен қолданыста болған үйлердің айырмашылығы туралы біліп жүретін боласыз!

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх