Қосалқы борышкер

Қосалқы борышкер. Ол не үшін керек?

Күнделікті көріп жүрген жағдай – банк клиенттің кірісін жеткіліксіз деп санайды да, ипотекалық несие беруден бас тартады. Сізде де ондай болған шығар? Ал мұндай жағдайда не істеу керек? Ең дұрыс жолы, ипотека бойынша қосалқы борышкер тарту. Заң сіздің қанша қосымша борышкер тартатыңызды шектемейді. Бірақ, қазақстандық банктер қалыптасқан практика бойынша үшке жуық борышкер тартуға мүмкіндік береді.

Қосалқы борышкер дегеніміз кім?

Кез-келген азамат немесе адамдар тобы қосалқы борышкер бола алады. Олар негізгі қарыз алушымен бірге барлық міндеттемелердің орындалуына кепілдік беретін несие келісім-шартына қол қояды. Қол қойған сәттен бастап теңдей жауапкершілік арқалайды. Тиісінше, егер негізгі қарыз алушы ипотеканы төлеуді тоқтатса, банк қосалқы борышкерден төлем жүргізуді талап етеді. Егер сіз ипотекалық несие бойынша қосалқы борышкер болсаңыз, онда сізде де ипотека бар деп саналады.

Қосалқы борышкердің қандай пайдасы бар?

Ең бастысы, қосалқы борышкер банктің оң шеміміне жағымды әсер етеді. Бірақ, егер қосымша қарыз алушы тартсаңыз, оның алдындағы жауапкершілікті түсінгеніңіз жөн. Сіз де оның басын бәйгеге байлайсыз. Егер сіз ипотеканы төлей алмай қалсаңыз, қосымша борышкер де банк алдында жауап беруге мәжбүр болады. Сондықтан, егер алдын-ала барлық тәуекелді ескермесеңіз, ертең ыңғайсыз жағдайға тап келуіңіз мүмкін.

Қосалқы борышкер ретінде қарыз алушының жұбайы, жақын туыстары, оның ішінде бауырлары, әпкелері, балалары және ата-аналары бола алады. Тіпті туыстығы жоқ, бірақ несие шартының міндеттемелерін қабылдауға дайын кез-келген азамат та қосалқы борышкер санала алады.

Қосалқы қарыз алушы және кепілгердің айырмашылығы неде?

Кейде біз қосалқы борышкер мен кепілгерді бір ұғым деп шатасып жатамыз. Шын мәнінде, олай емес. Ұқсас жерлері мынада, мысалы, міндеттемелер уақытында орындалмаса, екеуі де банк алдындағы қарызды өтеуге мәжбүр болады.

Ал, айырмашылықтары да жер мен көктей. Кепілгердің мүлік немесе қаражатқа ешқандай құқығы жоқ. Сонымен бірге, банкке негізгі клиентпен бірдей құжаттар пакетін ұсынуға міндетті емес.

Қосалқы қарыз алушы қаражатқа немесе мүлікке құқық алады, оларды қарыз алушымен тең бөледі. Бұл ретте несие бойынша міндеттемелер екеуіне де жүктеледі.

Жеке басым, қосалқы борышкер кім деген сұраққа жауап бердім деп ойлаймын.

Әйгерім Қанатқызы
Тұрғын үй мен ипотекаға қатысты қалам тербеп жүрген жас маман. Қазақтілді экономикалық контенттің көп болғанын қалайды және оған барынша қолдау білдіргісі келеді.
Записи созданы 49

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх