Цифрлі ипотека. Оның қандай айырмашылығы бар?

Қазақстанда финтех секторы айтарлықтай дамып, азаматтардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуде. Бұл жағынан алғанда, басқа елдермен салыстырғанда көш ілгері тұрған жағдайымыз бар. Финтех ипотека нарығына да келді. Биыл елімізде «Цифрлі ипотека» ұғымы пайда болды. Оның қарапайым азаматтар үшін артықшылығы қандай?

«Цифрлі ипотека» деген не?

Бір сөзбен айтқанда бұл ипотеканың онлайн форматқа көшуі. Бұрын клиенттердің өз аяғымен барып, банк бөлімшесіне кезекке тұрып жасауы тиіс шаруаның көбін жасанды интеллект өз мойнына алды. Бастысы клиент өзінің сәйкестігін растауы тиіс. Көбіне бұл электронды-цифрлік қолтаңба, басқа да идентификация құралдары арқылы жүзеге асады.

Ол азаматтарға несімен тиімді?

Ең басты ұтатын фактор – уақыт. Банк бөлімшесіне барып, менеджерден кеңес алудың қажеті жоқ. Цифрлі ипотеканы енгізген банк сайтында қажетті ақпарат алып, одан кейін өзіңізге қажет несие сомасын, мерзімін, алғашқы жарна сомасын енгізсеңіз болғаны. Көзіміз таныс калькулятордан бір ерекшелігі, тек есептеп қана қоймайды, жүйе сол сәтте сізге банктің шешімін шығарып береді. Сіз сұраған соманы банк бере ала ма, әлде жоқ па, оны бірден біліп отырасыз. Егер банктің ұсынған шарты көңіліңізге қонса, рәсімдеуді сайттан жалғастыра бересіз. Демек, сатушымен арадағы келісім-шартты сайтқа жүктеп, тіпті кепілзатты тіркеуді онлайн режимде жүзеге асыруға болады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері интеграцияланғандықтан, қазіргі таңда кепілзатты, сату-сатып алу шартын электронды тіркеп, үйді өз атыңызға онлайн түрде аудару мүмкін болып отыр. Сатушыға өзі көрсеткен есеп-шотқа ақша автоматты түрде түседі. Сіз сатушының кілтін алып, жаңа үйге қоныстана бересіз. Бұл цифрландыру қадамындағы үлкен жаңалық болып отыр.

Жылдық мөлшерлемесі қандай?

Цифрлі ипотека адами факторды барынша қысқартады. Демек баяғыдай банк тарапынан сізге қызмет етуге жұмылдандыратын адам саны азаймақ. Бұл өз кезегінде ипотеканы рәсімдеу шығындарының қысқаруына әкеліп соқты. Соның арқасында банк ипотеканы 13 пайыздан бастап бере алады. Әрине, әр банктің шарттары әр түрлі. Цифрлі ипотекаға жүгінер алдында сізге осы шарттармен мұқият танысып алу қажет.

Ипотеканы онлайн рәсімдеу қауыпсіз бе?

Цифрлі ипотеканың қорғаныш базасы жеткілікті деңгейде жасақталған. Сіздің атыңызды жамылып, басқа біреудің несие алып кету ықтималдығы өте төмен. Банк келісім-шарттарды жасау барысында қауыпсіздікке барынша назар аударады. Көп жағдайда видеоидентификация, мемлекеттік базада тіркелген нөміріңізге СМС-код жіберу сынды тексеру шаралары жасалады.

Ипотека нарығы бәрімізге танымал «7-20-25» бағдарламасы және универсалды «Баспана Хит» бағдарламалары пайда болғалы бері қарыштап дами бастады. Банктер өз тарапынан клиенттерге барынша қолайлы болуы үшін жаңа технологияларды енгізіп келеді. Соған қарап, болашақта банк бөлімшелерінің еш қажеті жоқ болатынын болжауға болады.

Сакен Жакуп
Магистрант экономического ВУЗа. Совмещает учебу и творчество. Любит открывать новые темы в области финансов.
Записи созданы 13

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Похожие записи

Начните вводить, то что вы ищите выше и нажмите кнопку Enter для поиска. Нажмите кнопку ESC для отмены.

Вернуться наверх